BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жатақхана салу мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принциптері негізінде жүзеге асу қажет – сарапшы 

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамалар» мәлімдемесіндегі жатақхана мәселесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылға дейін 75 мың орындық жаңа жатақханалар салу жұмысында мемлекет пен жеке меншік серіктестігі қағидасының негізінде шетелдік тәжірибені пайдалану қажет. Осы орайда, жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесінің шешілуі студенттердің тұрмыстық қиындықтарға тап болмай, бар күш жігерін оқуға жұмсауына жағдай жасайды.

«Жатақхананы салуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принциптеріне негізінде жүзеге асуы қажет. Бүгінде көптеген мемлекеттер модульды жатақханалар салу тәжірибесін жүзеге асыруда», - деді Алуа Жолдыбалина.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша Қазақстанда шамамен 470 мың студент бар. Тек Алматыда ғана 131 мың студент тұрса, оларды баспанамен қамтамасыз ететін 30 мың орындық 94 жатақхана бар.

Астана қаласында 30 жатақхана бар, 2017 жылы – жаңа 4 жатақхана салынды. 35 колледждің 2200 студентке арналған 16 жатақханасы бар. Астана қаласының Жастар департаментінің мәліметі бойынша шамамен 13 мың студент жатақханаға мұқтаж.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер