BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

«Жасыл ел» сарбаздары 100-ден аса ағаш көшетін отырғызды

Фото: astana.gov.kz

9 қазан күні «Жасыл ел» студенттік құрылыс және еңбек жасақтары Ш. Қалдаяқов көшесі бойындағы Президент саябағы аумағында «Қазпошта» АҚ қызметкерлерімен бірге ағаш көшеттерін отырғызу акциясын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция «Қазпошта» АҚ 25 жылдық мерейтойы мен Астана қалалық «Жасыл ел» жобасының ХІV еңбек маусымының жабылуына орайластырылды. «Жасыл ел» сарбаздары пошта қызметкерлерімен бірге 100-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды.

Биыл Астана қалалық «Жасыл ел» сарбаздары жыл басынан бері 350-дей ағаш отырғызып, қала аумағындағы жасыл желектерге өз үлестерін қосты. Қазан айының ортасында 2019 жылғы еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер