BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

«Жаңа әдісті» меңгерген жамбылдық дәрігерлердің жалақысы өседі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттардың орындалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, өңірдегі жаңа технология бойынша оқытылған дәрігерлердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көтеріледі.

Облыс әкімі Жолдауға сәйкес медициналық қызмет сапасын және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 95 алғашқы-медициналық көмек нысанын салу қажет екенін айтты. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 31 нысан, бюджет есебінен 9 нысан пайдалануға берілмек. 2019 жылы 68 нысан салынады.

«Алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлердің еңбекақысын арттыру мақсатында 20 емханада арнайы бағдарлама енгізілді. Қазір ол жерден 180 маман оқып шықты. Одан әрі 670 дәрігер мен 1560 мейірбике жаңа технология бойынша оқудан өтетін болады. Жаңа әдістерді меңгергендердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 20 процентке өсірілеі», - деді Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов.

Бұған дейін, аймақ басшысы тұрғындар үшін газды үйге кіргізу бағасы төмендетілгенін жеткізген болатын. Жалпы, облыс орталығы Тараз қаласында тағы екі аудан пайда болды. Сонымен қатар, апатты мектептер мәселесі де шешімін табатындығы айтылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер