BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жамбылда жел электр станциясы салынады 

Фото: интернеттен

Тараз, BAQ.KZ. Жамбыл облысының Сарысу ауданында «China Power International Holding Ltd» компаниясы жел электр станциясын салады. Бұл жобаны аталған компанияның Қазақстандағы құрылтайшысы болып табылатын «Визор Казақстан» ЖШС жүзеге асыратын болады.

Облыстағы инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, инвесторлар Сарысу ауданында 100 МВт жел электр станцияларын салады.

Жоба бойынша 233 гектар жерге желден қуат өндіретін 40 арнайы қондырғы орнатылмақ. Олардың әрқайсының қуаты 2,5 МВт болады. Станция жылына 350 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр.

Құны 130 млн АҚШ долларын құрайтын жобаның құрылыс жұмыстары биыл басталады. Құрылыс кезінде 200-300 адам уақытша жұмыспен, жоба іске қосылғанда 30-40 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы мүмкін.

Еліміздің энергетикалық секторын стратегиялық трансформациялау аясында жаңартылған энергия көзінен өндірілетін электр энергиясының үлесін арттыру, экологиялық таза энергия өндіру және атмосфераға көмірқышқыл газының шығандарын азайту мақсатында қолға алынған жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда қазынаға орташа есеппен 2020 жылы 8,1 млрд теңге пайда түседі деп болжанып отыр және бұл көрсеткіш жыл өткен сайын ұлғая түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер