BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Жамбылда 430 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

Фото: ic24.kz

2018 жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 430 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Басқармамен облыстағы құрылыс саласы бойынша 107 нысанның құрылысына 27 млрд 259 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 39 нысан пайдалануға тапсырылып отыр және 51 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады деп жоспарлап отырмыз. Қалған 17 нысан 2019 жылға өтеді. Құрылыс жұмыстары білім – 15 нысан, денсаулық сақтау – 10 нысан, ауыз сумен қамтамасыз ету – барлығы 19 нысан, тұрғын үй құрылысы – 20 нысан, инженерлік-коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету – 31 нысан, спорт саласы бойынша – 7 нысан және басқа да бағыттары бойынша – 4 нысан шегінде жұргізілді», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы білім саласындағы 15 нысанның құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен 4 169,1 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні 9 нысан пайдалануға тапсырылып отыр.

«Тұрғын үй құрылысына 20 нысанға республикалық және облыстық бюджет есебінен 7 млрд 220 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні 10 нысан, яғни, 46,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Қалған 10 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады деген жоспар бар. 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен пайдалануға тапсырылатын тұрғын үй көлемінің жылдық жоспары 430,9 мың шаршы метрді құрап отыр. 8 айдың қорытындысы бойынша жалпы 311,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 16,5%-ға артық», - деді Ахатаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер