BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Жамбыл облысында мешітке баратын жастардың саны 1,5 мыңнан аспайды

Жамбыл облысында күнделікті 5 уақыт намазға келетін жастардың саны 1 500 құрайды. Бұл облыстағы жастардың жалпы санының небәрі 0,57% ғана болып отыр. Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Облыс аумағындағы мешіттерге келуші жамағаттарға зерттеу жұргізу барысында, күнделікті 5 уақыт намазға келушілердің саны 6 мыңға жуық екені, оның ішінде, 1 500 жастар екені анықталды. Бұл көрсеткіш облыстағы жастар санының небәрі 0,57% құрайды. Ал жұма намазына келушілердің саны 35 мың шамасында болса, оның ішінде, 13,5 мың азамат жастар болып табылады. Бұл көрсеткіш облыс жастарының 5,13%-ын құрайды», - деді Омаров.

Басқарма басшысы мәліметіне сәйкес, Жамбылдағы христиандық бағыттағы шіркеулерге келушілердің жалпы саны 3,5 мың болса, оның 10%-ы жастар болып табылады.

«Облыс орталығында «Һибатулла Тарази» медресесі 2012 жылдан бері дін мамандарын даярлауда. Онда 2017-2018 оқу жылында 51 шәкірт білім алса, биылғы оқу жылында 65 шәкірт білім алып жатыр. Соның ішінде, бірінші курста – 31, екінші курста – 18 және үшінші курста – 16 шәкірт оқиды», - деген ол.

Сонымен қатар басқарма басшысы медреседе Жамбыл облысы азаматтарынан бөлек, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының тұрғындары да білім алып жатқанын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер