BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жақып Асанов: Соттағы істердің саны 3,8 миллионға жуықтап қалды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов судьяларды ішінде дауы жоқ материалдарды қараудан босатуды ұсынды. Оның айтуынша, соттағы істердің 70%-да ешқандай жанжал жоқ, ал олар судьялардың уақыты мен күш-қуатын алады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Судьяларды ішінде дау-дамай мен жанжалдары бар істерге жұмылдыру керек. Ал қазір сот істерінің 70%-да ешқандай дау жоқ... 2016 жылы соттар 1,7 млн іс пен материал, 2017 жылы 2,7 млн іс қараған. Ал биылғы жылы істер саны 3,8 млн-ға дейін артпақ. Салмақ негізінен қалалық жəне аудандық сот судьяларына түседі. Штат бойынша олардың саны 2100 болуы тиіс, бірақ факт бойынша – 1800», - деді Асанов «Қазақстан мен ЭЫДҰ едерінде инвестициялық жəне коммерциялық дауларды шешу механизмдері» халықаралық конференциясында.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот төрағасы коммуналдық дауларды судьяларда емес, нотариустарда қарауды ұсынды.

Жақып Асанов сөз соңында Жоғарғы сот Үкіметпен бірігіп жүзеге асыратын бес пунктіні атап берді.

«Біріншіден, соттарды ішінде дау-дамай мен жанжалы бар істерге жұмылдыру. Екіншіден, татуласу жолын тиімді пайдалана отырып, қоғамдағы даулы жағдайды төмендету. Үшіншіден, ЭЫДҰ елдері сияқты мемлекеттік сектор сервисінің сапасын жақсарту үшін əкімшілік əділет жүйесін енгізу. Төртіншіден, судьяның əр дауды толық зерттеп, əділ шешім қабылдауы үшін оған процессуалды белсенділік құқығын беру керек», - деп түйіндеді Жақып Асанов.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер