BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Зейнетақы тағайындау «бір өтініш» қағидасы арқылы іске асырылады – вице-министр

Қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау «бір өтініш» қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жөнінде бүгін өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта біз бизнес процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Яғни, бұл республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдерін тағайындау, республикалық бюджеттен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау және бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау. Біз БЗЖҚ, Ұлттық банкпен бірқатар келіссөз жүргіздік және қазір бұл аталған төлемдер мемлекеттік корпорацияға көшетіні туралы келісім бар. Сәйкесінше, зейнетақы жасына жеткен азаматқа мемлекеттік корпорацияға бір, зейнетақы жинақтау қорының филиалына екі барып, сандалудың қажеті болмайды. Мұндай «бір өтініш» қағидасы бойынша мемлекеттік корпорацияда аталған қызмет көрсетіліп, автоматты түрде зейнетақы төлемі тағайындалады», - деді вице-министр.

С.Жақыпованың берген мәліметі бойынша, аталған оңтайландырылған жүйе ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосылады.

«Зейнетақы төлемдерін автоматтандырылған режимде 1 шілдеден бастап іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір бұл қызметті толық іске асыру бойынша бүгінде заңға сәйкес өзгертулер енгізіліп жатыр. Қазақстандықтар өтініш беру үшін бірнеше органға бару қажеттілігінен босатылатындары үшін қуанады деген ойдамын», - деп түйіндеді ЕХӘҚМ өкілі.

Сондай-ақ, вице-министр қазақстандықтар үшін электронды еңбек шарттарын енгізу пилоттық режимде 2018 жылдың екінші жартысында жүзеге асырылатынын мәлімдеген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер