BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Зейнетақы. Мемлекеттік кепілдік деген не және ол кімге төленеді?

Фото: Хабар 24

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы 11 қазаннан бастап елімізде зейнеткерлік жасқа жеткен соң төлемдер тағайындау бойынша барлық қызметтер кешенді түрде, басқалай атқанда, композиттік-проактивті форматта көрсетіледі. Бұл туралы толығырақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжаттарды рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, тек бір өтініш толтыру және бір құжаттар пакетін ұсыну қажет. Соның негізінде адамның үш түрлі зейнетақы төлемін: ынтымақты (еңбек) зейнетақы, базалық зейнетақы және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы алуға құқығы қаралады.

Бұның алдында зейнеткерлер алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығына, сосын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүгінді, осы ретте зейнетақы төлемдерінің әрбір түрі бойынша өтініш пен құжаттар пакеті талап етілді, бұл болса, зейнетақы алушылар үшін ыңғайсыздық тудырды. Бұған қоса, зейнетақы төлемдері зейнетақы алушының шотына түрлі уақытта түсіп отырды және зейнеткерге қандай зейнетақысы түскенін түсіну қиын болды.

Зейнеткерлік жасқа жеткен кезде зейнетақы алушының зейнетақы шотының табыстылығы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан барлық кезең бойы болған инфляция деңгейімен салыстырылады. Егер ол инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет айырманы төлейді. Осыны мемлекет кепілдігі деп атайды. Яғни мемлекет қаржы нарығындағы және инвестициялық кірістерге байланысты жағдайға қарамастан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың жинақтарының қорғалуына кепілдік береді.

Жұмыскерлер ай сайын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, ал жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударатынын белгілі.

Егер инвестициялық кірісті ескергенде зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасына тең не одан көп болса, онда мемлекеттік кепілдік төленбейді.

Егер зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан аз болса, онда Мемлекеттік корпорацияның аудандық бөлімдері арнайы формула бойынша мемлекеттік кепілдікті есептейді. Бұл ретте белгілі бір кезеңде болған инфляция деңгейі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде белгіленеді.

Мемлекеттік кепілдік тағайындау мәселесі азаматтардың жүгінуін талап етпейді, яғни автоматты, проактивті түрде қаралады.

Айырма төлемін тағайындау мерзімі зейнеткерлік жасқа келу күні (әйелдер үшін – 58,5 жас, ерлер үшін – 63 жас) болған инфляция деңгейі

туралы ақпар болған жағдайда базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күні, бірақ оның тағайындаған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзімде басталады.

Зейнеткер азаматтарға зейнетақы төлемдері бір банктік шотына бір мезгілде салынады. Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма да сол кезде аударылады (адамда оны алуға құқық болған жағдайда).

Төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысына сәйкес төленеді.

Бүгінгі күні осындай мүмкіндікті 2084 адам пайдаланды. Мемлекеттік кепілдікті біржолғы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде.

Мемлекеттік кепілдік:

- зейнеткерлік жасқа толған (ерлер – 63 жаста, әйелдер – 58,5 жаста);

- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз белгіленген;

- зейнеткерлік жасқа жеткен (58,5/63) және зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан және зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған сәттен бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету фактісін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға төленеді.

Азаматтарға қолайлы болу үшін зейнеткерлер «Электрондық үкімет» egov.kz порталы арқылы оларға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет пе екенін тексере алады. «Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқық туралы ақпарат» электрондық сервисін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесіп әзірледі.

Сервисті ағымдағы жылғы 1 қарашада «Электрондық үкімет» egov.kz порталында іске қосу жоспарланып отыр.

Азаматтардың мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алуға құқығы болған кезде порталда оларға тиісті өтінішті беру үшін тұрғылықты жеріне жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажеттігі туралы ұсыным шығады.

Егер азамат мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне бұрын өтініш білдірген болса немесе бұл төлемді алуға оның құқығы болмаса, ол туралы ақпарат та осы электрондық сервис арқылы беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер