BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Заң көмегі туралы заңнаманы бұзған адвокаттар лицензиясынан айырылды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша сот мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнаманы бұзғаны үшін Ақтөбе облысы адвокаттар алқасының үш адвокатының лицензиясын тоқтатты. Бұл туралы Әбілет министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ақтөбе облысының адвокаттар алқасы адвокаттарының азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуде қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері, ал мұқтаж азаматтардың оларды алу құқығынан айырылғандығы анықталды.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысының адвокаттарының Қазақстан Республикасы заңдарын бұзу фактілері бірегей емес, жүйелі сипатқа ие.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы ғана адвокат бола алады. Бірақ, адвокат В.И. Якубенко Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысқаны және бюджеттен 5 миллион теңге көлемінде төлем алғаны анықталды.

Көрсетілген бұзушылықтар үшін адвокат В.И. Якубенко айыппұл түрінде сотпен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензиясының күші тоқтатылды.

Бұл құқықбұзушылықтар Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының Президиумының төрайымы Р. Якубенконың жұмысты дұрыс ұйымдастырмауы және адвокаттардың қызметіне бақылауды тиісті деңгейде жүргізбеуі және жұбайы В. Якубенконың бюджет қаражатын алу туралы құжаттарға кедергісіз қол қойғаны салдарынан болған.

Сонымен қатар, адвокат өзінің кәсіби қызметінде құқық пен заңға қызмет етудегі өзінің миссиясын сезінуге, құқық үстемдігі принциптерінің тәжірибеде іске асырылуы мен орнығуына және заңдылықтың мүлтіксіз сақталуына ықпал етуге тиіс.

Адвокаттың мінез құлқы заң көмегін көрсетумен қатар тұрмыста және жеке өмірде де заңның талаптарына және адамгершілік принциптеріне сай келуі тиіс.

Біздің ойымызша, Р.И. Якубенконың іс-әрекеттері адвокатура институтына деген қоғамның сеніміне, жалпы адвокат кәсібінің беделіне нұқсан келтіреді.

Министрлік адвокаттар алқасының қызметін үйлестіруші ретінде Республикалық адвокаттар алқасы Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасы төралқасының төрайымы Р. Якубенконың жауапкершілігі туралы мәселені РАА Президиумының жақын арада өткізілетін отырысында қарастыру қажет деп пайымдайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Қараша 2018, 14:06
Хиджама туралы
Пікірлер