BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Вучич қазақстандық кәсіпкерлерді Сербияға шақырды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Сербия президенті Александр Вучич қазақстанды кәсіпкерлерді қорықпай Сербияда жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстандық кәсіпкерлер айтарым: қай салада жұмыс істейтіндеріңізге қарамастан еркін келе беріңіздер. Мұнда туризм, қонақ үй саласы бар. Сіздерге жақсы жағдай жасалып, мемлекеттік субсидия бөлінеді. Субсидияны жаңадан ашылған жұмыс орнының санына байланысты бөлеміз. Қаласаңыздар Белградта The Ritz-Carlton сияқты қонақ үйді де сала аласыздар», - деді президент Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Сербия бизнес форумында.

Сонымен қатар ол қос мемлекет ақпараттық технологиялар саласында да байланыс орната алатынын жеткізді.

«Жаңа технологиядар бойынша да байланыс орната аламыз. Бағдарламалық қамтамыз ету саласында сербиялық компаниялар үздіктердің қатарында. Біріккен кәсіпорындарды ашу арқылы біз ірі нарықтарды бағындырамыз. Сіздер үшін бұл Батыс еуропа елдері, ал біз үшін Еуразиялық нарық», - деп түйіндеді сөзін Александр Вучич.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер