BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасын ашық талқылау мақсатында WhatsApp желісі іске қосылды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге «Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтауға тікелей атсалысады.

Аталған құжатта ұстаздарға материалдық стимулдар мен әлеуметтік кепілдіктер, түрлі тексерістерден қорғау мен құзыретіне жатпайтын жұмыстарға жекпеу туралы тың ұсыныстар қамтылған.

"Салалық кәсіподақ барлық мүдделі тараптарды, оның ішінде әсіресе ұстаздар қауымын аталған тарихи заң жобасын кеңінен талқылауға шақырады. Талқылау мен ұсыныстар қабыладуды барынша кең қамту үшін ұстаздар кәсіподағы 24 сағат бойы онлайн режимде жұмыс істейтін +7 747 919 38 51 WhatsApp желісін іске қосты және ұсыныстар қабылдауды бастады" - делінген кәсіподақ таратқан ақпаратта.

Айта кету керек, «Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасын жасақтау жұмысы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы Халыққа жолдауы аясында жүзеге асуда.

Қазіргі таңда аталған құжат ҚР Білім және ғылым министрлігінде талқылаудан өтуде.

Заң жобасын талқылау кезінде қазірдің өзінде Кәсіподақ кеңсесіне 300 ден астам ұсыныс келіп түсті. Салалық кәсіподақ заң жобасына қатысты ұсыныстарды дәстүрлі әдіспен кәсіподақтың www.edu-tradeunion.kz ресми сайты мен proin.kz@mail.ru электронды поштасына жолдау мүмкіндігі бар екенін де еске салады.

Заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына 2019 жылдың Қаңтар айында өткізу жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер