BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Үсік, жел, тұман: бірнеше қалада дауылды ескерту жарияланды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірнеше қаласында дауылды ескерту жариялады.

28 қазанда Қызылорда облысының кей жерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с, екпіні 30 м/с және одан асады.

28 қазанда Жамбыл облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асуы мүмкін. 29-31 қазанда түнде кей жерде 3 градус үсік күтіледі.

Тараз қаласында 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. 29-31 қазанда түнде 1-3 градус үсік жүреді.

28-30 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Астана қаласында 28-30 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады.

28 қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді.

Орал қаласы 28 қазанда күндіз онтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 28 қазанда батыстан соғатын желдің 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Өскемен қаласында 28 қазанда батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Семей қаласында 28 қазанда батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

28 қазанда тәулік бойы Қостанай облысының солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Кей жерде тұман, көктайғақ болады.

Петропавл қаласында күндіз 28 қазанда солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Тұман, көктайғақ болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер