BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Ұшақпен қатынайтын қазақстандықтардың саны артып келеді

Фото: aktau-business.com

Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының жоғары өсу қарқыны сақталуда. Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3,0 млн құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%, яғни 2,5 млн адамға артық, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр.

Бұл ретте, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық өсім көрсеткендігін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, биыл әуекомпаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер