BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Үш жасар ұлын тепкен шенеунік қызметінен қуылды

Фото: pixabay.com

Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Дастан Доғоев Бішкекте ұлын теуіп жіберген ведомство қызметкері Бариер Адиевті қызметінен босату туралы бұйрық шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан басылымына сілтеме жасап.

2 желтоқсан күні қызыл күрте киген ер адамның қар үстінде жатқан ұлын тепкен сәті таспаланған видео желіге тарап кеткен болатын. Октябрь ауданының ІІБ ер адамды сол күні тұтқындап, үстінен бұзақылық фактісіне сәйкес іс қозғады.

Бүлдіршіннің анасы күйеуін ата-ана құқығынан айыруға келіскенімен, абақтыға қаматуға қарсылық білдірді. Нәтижесінде ұлын тепкен шенеунік қызметінен босатылатын болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер