USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Үш жасар қызын ұрған әйел соттан тізерлеп кешірім сұрады  

Үш жасар қызын аяусыз ұрған Нұргүл Докуова соттың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұрады. Әйел сотты жақсы ана екеніне сендірмек болды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мен өз балаларымды ешқашан ренжіткен емеспін. Кінәлі екенімді білемін. Бір рет қана қол жұмсап едім. Енді ешқашан балаларымды ұрмаймын. Балаларымды тартып алса, өмір сүргім келмейді!», – деді ол.

Әйелдің өзі түсірген бейнежазбаны қайта көргеннен кейін сот процесін тоқтата тұруға тура келді. Нұргүл Докуова еңіреп жылап, айқайлап, залды басына көтерді.

Қыздың әкесінің қорғаушысы Гүлбақыт Бижанова 2014 жылы Айлин екі рет облыстық балалар ауруханасына түскенін хабарлады. 10 маусым күні травматолог дәрігер баланы рентгенге түсіріп, сол жақ иық сүйегі зақымданғанын анықтаған.

Төрт күннен кейін Айлин облыстық ауруханаға қайта түседі. Дегенмен мемлекеттік айыптаушы бұл мәліметке күдік келтіріп, оны анықтау қажет екенін айтты.

Сотта Нұргүл Докуова бірге тұрған жігіті Ермұрат ішкілікке салынып кеткенін алға тартты. Ал дауға балалардың әжесі балабақша мен мектепке барғаны себеп болыпты.

Informburo.kz порталының мәліметінше, сот процесі жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласының тұрғыны туған қызын аяусыз ұрып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіге таралып кеткен болатын. Облыстық ІІД аталмыш дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 140-бабы, 2-бөлімі (балаларға аяусыздық таныту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.

Қылмыстық кодекстің аталмыш бабы негізінде ананың кінәсі расталған жағдайда, 300 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 75 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер1
Айгерім
Бундай адамның қолын шабу керек. Псих ауру неме. Өзеген тесіп шыққан баласын аяусыз қалай ұрады. Бір ұрған қол екінші рет ұрмай тұра алмайды. Балаларын дұрыс адамға беру керек. немесе бақылауда ұстау керек.

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады