BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Үш облыста дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, 22 қыркүйекте Қостанай облысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркіреп, тұман түсіп, бұршақ жауады. Күндіз шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыс және оңтүстіктен 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыс бағыттан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с-ке жетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер