BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Үш күнде Астанаға 114 вагон көмір жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

5-8 қазан аралығында Астанаға 114 вагон немесе 2882 тонна қатты отын жеткізілген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сіәлтеме жасап.

Оның ішінде 50 вагон немесе 3463 тонна «Шұбаркөл» маркасының көмірі, 44 вагон немесе 3027 тонна Майкөбе, 19 вагон немесе 1322 тонна Қаражыра, сондай-ақ 1 вагон немесе 70 тонна Богатырь маркасының көмірі. Жеткізілген көмірдің жалпы көлемі 7882 тонна.

Бұған дейін хабарланғандай, Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойған болатын.

Көмір бағасы: Шұбаркөл – тоннасы 13500-14500 тг;

Қаражыра – тоннасы 14000 тг;

Майкөбе – тоннасы 12000-12500 тг;

Богатырь көмірі – тоннасы 8500-9500 тг.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер