BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ұрланған заттарды ломбардқа тапсыру фактілері жиілеген

Ломбард қызметін лицензиялау керек. Бұдан бөлек, Ішкі істер министрлігі қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Еліміздегі ломбард қауымдастығының мүшелері осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24 хабар арнасына сілтеме жасап.

Себебі ломбардтардың қызметіне қатысты ешқандай заңнамалық талаптар жоқ әрі қызметі ешбір мемлекеттік органмен реттелмейді екен. Кепілге қойылатын дүние-мүліктің құжаты да талап етілмейтіндіктен, соңғы уақытта ұрланған заттарды ломбардқа тапсыру фактілері жиілеген. Бұл ретте осы салада нәпақасын тауып жүргендер ломбард пен банктің деңгейін сәйкестендіруді сұрап отыр.

«Ломбардтарда алатын кредит көлемі 50 мыңға дейін. Банктерде миллионға дейін алуға болады. Сол 5, 10 мың теңгенің пайызын миллиондаған кредитпен салыстыруға болмайды. Мыңдаған кісі ақша алады. Біз қарапайым кісілерге қызмет көрсетеміз», - дейді «Қазақстан Ломбард қауымдастығы» ЖШҚ басқарма төрағасы Тұрсынбек Өмірзақов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер