BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Ұлттық бюро парамен ұсталған «Кедентранссервис» вице-президентіне қатысты мәлімдеме жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы брифинг кезінде «Кедентранссервис» вице-президенті Ғалым Мұқановтың ісі бойынша тергеу нәтижесін баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

6 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚТЖ ұлттық компаниясы «Кедентранссервис» АҚ вице-президенті Мұқановтың және осы ұйымның сатып алуды және шартпен жұмыс істеуді ұйымдастыру басқармасының бастығы Увавтың қылмысын әшкерелеген.

«Мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу негізінде жалпы қамқорлығы және мүдделік қорғануы үшін ЖШС өкілінен 17,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын алған. Тергеу нәтижесінде «Кедентранссервис» АҚ және ЖШС арасында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 27 млн 927 мың теңгеге шарт жасалғаны анықталды. Шын мәнінде ЖШС міндеттемелерді жүзеге асырмаған, жұмыстар жүргізбеген. Алайда күдіктілер қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жоғарыда көрсетілген сомада жалған орындалған жұмыстар актілерін шот-фактураларын, анықтамаларды қабылдап, қолдарын қойған», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Нұрлан Жақин

Ол Мұқанов пен Уваевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
20 Маусым 2018, 22:25
Ұлттық домбыра күні
Пікірлер