BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ұлттық бюро: 8 аумақтық департаменттің басшысы ауысты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 8 облыстағы департамент басшылары ауысты. Бұл туралы Астанада өткен брифингте аталған агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметшілерді жүйелі түрде ротациялау туралы нұсқауын орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелері қызметінің нәтижелілігін арттыру мақсатында Агенттік Төрағасы 8 аумақтық департаменттің басшысын ротациялау туралы шешім қабылдады», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, бір лауазымда ұзақ мерзім жұмыс атқару еңбек өнімділігін төмендетіп, қызметкердің ой-өрісі шектеліп қалатындығын, әрі басшы өз іс-әрекетін жаңа әдістермен және формалармен толықтыра алмайтынын дәлелдеген.

«Қызмет орындарын ауыстыру жағдайды салыстыру және жаңа ахуалға тез бейімделуге мүмкіндік жасайды. Ротация лауазымдарында 2 жылдан 4 жылға дейін аралықта жұмыс атқарған Алматы қаласы мен Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттер басшыларына қолданылған», - деді Нұрлан Жахин.

Нәтижесінде Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Нығмеджан Сапаров, Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Әділхан Әшірбаев, Ұлттық бюроның Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып Павлодар облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Денис Шакенов, Ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Сергей Потанин, Ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қостанай облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Елдос Сағиев, Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып Алматы қаласы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Ержан Ибраимов, Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Атырау облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Құрмаш Сейітбеков, Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Жамбыл облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Мұрат Қарымсақов, сондай-ақ Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Нұрлан Қамбатыров тағайындалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер