USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Ұлттық брендті таңдау бойынша SMS дауыс беру басталды

Бүгін Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың келесі кезеңіне өтетін үміткерлерді анықтау үшін SMS дауыс беру басталады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбук парақшасына жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

«15 қазанда біз еліміздің Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқауға өтініш қабылдауды аяқтадық. Жалпы, тамыздың 31-нен бастап 966 өтінім келген болса, солардың 794-і дауыс беру кезеңіне жіберіліп отыр. Менің ойымша, бұл азаматтарымыздың елдік мәселеге бей-жай қарамайтынын көрсетті. Байқауға кәсіби мамандармен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес мемлекеттерден әуесқой безендірушілер қатысты. Ал бүгін байқаудың келесі кезеңіне өтетін жұмыстарды анықтау үшін SMS дауыс беру басталады. SMS жолдау тегін. Ол арқылы өзіңіз қалаған бір ғана жұмысқа дауыс бере аласыз. Атап өту керек, байқаудың жұмыс тобы дауыс берудің көптеген нұсқасын қарастырды. Өйткені, 800-ге жуық өтінімнің барлығын жұрт назарына тең дәрежеде ұсыну оңайға түскен жоқ.
Сондықтан да, біз барлық 794 жұмысты олардың реттілігі әрбір қолданушы үшін әртүрлі болатын тәртіппен орналастырғанды жөн көрдік», - дейді министр.

Көңіліңізден шыққан жұмысқа мына сілтеме арқылы өтіп дауыс бере аласыз

Естеріңізге сала кетейік, министрлік осы жобаның жеңімпазына 5 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындағанын хабарлаған болатын.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады