Ұлттық Банк шілдеден бастап «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға кіріседі  - Қоғам|14 Маусым 2018, 15:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Ұлттық Банк шілдеден бастап «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға кіріседі 

2018 жылдың екінші жартысынан бастап «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Парламент Сенаты отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«7-20-25» бағдарламасын мамырдан бастап іске қосамыз деп ешкім уәде берген жоқ. Үнемі сұрақтар қоясыздар да, содан кейін «неліктен мамырда іске қосылмады?» - дейсіздер. Ешкім уәде берген жоқ. Ұлттық Банктің бір де бір ресми өкілі бұл туралы мүлдем айтпады. 2018 жылдың екінші жартысында бағдарламаны бастап кету үшін біз мамыр айында қажетті құжатардың бәрін қабылдауға дайынбыз деген болатынбыз», - деді Ұлттық Банк төрағасы.

Ол бағдарламаны сәтті іске қосуға валютаны реттеу туралы заң жобасында айтылған толықтырулар қажет екенін, құжат Сенат депутаттарының қарауында жатқанын айта кетті. Оның айтуынша, бұл толықтыруларсыз «7-20-25» бағдарламасын іске қосу күрделі болмақ.

«Ұлттық Банкте бар құзырет бойынша «7-20-25» бағдарламасын қабылдап, «Баспана» ипотекалық ұйымын құрдық. Қазір әділет органдарынан тіркеуден өтуде және менеджменті құрылып жатыр. Егер мен айтқан шарттардың бәрін орындасақ онда 2018 жылдың екінші жартысында бағдарламаны жүзеге асыруға кірісеміз», - деді ол.

Ақышев қаржы секторының өкілдерімен көптеген кездесу өткізгенін, соған сәйкес бағдарламаға қатысқысы келетін адамдар екінші деңгейлі банктерге жүгінетін болады деп атап өтті.

«Екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық Банк негізінде ойлайтын болсақ проблема көріп тұрған жоқпыз. Осы бағдарламаны сәтті іске қосып әрі қарай жұмыс істеу үшін барлық нормаларды қоса алғанда нормативтік жағдайды жақсартуға тиіспіз. Алғашқы нәтижені сол кезде айтайық», - деді Ақышев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер