BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Ұлы мен келіні менингококктан қайтыс болған алматылық: Енді бауырым ауырып жатыр

5 жасар ұлы мен болашақ келіні менингококк инфекциясын жұқтырып қайтыс болған алматылық Аида Ахметова енді бауырының ауырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Диагноз жақында ғана расталған. 5 жасар Димаштан менингококк инфекциясы табылған соң Ахметовтер отбасының барлық мүшесінен анализ сынамалары алынған. Биохимиялық зерттеу жүргізуге 5 күн кетті.

«Кеше анализ қорытындысын алдық. Бізде барлығы жақсы, тек бауырымда осы инфекция бары белгілі болды. Ол қазір Алматы қаласында инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты, ЖРВИ кезіндегідей тамағы қызарып кеткен. Бауырым 2001 жылы туған», - дейді Аида Ахметова.

Жасөспірімнің ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«2001 жылы туған бір науқас келіп түсті. Ол ауруханаға менингококк назофарингит күдігімен жатқызылған. Ода менингококкцемия болмағандықтан қатты қорқып отырмыз. Ол ересектерге арналған инфекциялық ауруханада жатыр. Анализдері тексерілуде», - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Эльвира Ибрагимова.

Сондай-ақ, осы инфекциядан қайтыс болған 27 жастағы Олжас Сүлейменовтың бауыры Ерболат та өзін жайсыз сезініп жүргенін хабарлады.

«Қазір ауруханада жатырмын. Өзім келдім. Себебі, дене қызуым көтерілді», - дейді Ерболат Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетсек, 5 жасар Димаш Ахметов маусымның 1-нен 2-не қараған түні қайтыс болды. 3 маусым күні таңғы сағат 09:00 кезінде баланың туыстары болашақ келіндерінің осы инфекциядан көз жұмғанын білген. 27 жастағы алматылық өрт сөндіруші Олжас Сүлейменов те 3 маусым күні таңғы уақытта қайтыс болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер