BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

ҰҚК Қырғызстанмен шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін мәлімдеді

Қазақ-қырғыз шекарасы жабылды деген ақпарат тарауына байланысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шекара қызметі жүргізген жоспарлы операциядан бері осы аумақта шекарадан өтетін адамның саны азаймағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақ-қырғыз шекарасы жабылды деген ақпарат тарауына байланысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі Шекара қызметі жүргізген жоспарлы операциядан бері осы аумақта шекарадан өтетін адамның саны азаймағанын хабарлайды», - деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 10-11 қазанда Қырғызстанға 18 680 адам өтсе, Қазақстанға 14 67 адам кірген. Бұл осы уақытқа сәйкес орташа статистикалық мәліметтерге сәйкес келеді.

Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде жүргізілген шаралар нәтижесіндешекара режимін бұзған 112 азамат ұсталған. Олардың 55-і – Қырғызстан азаматтары. Сондай-ақ, оқ-дәрілерді өткізу әрекетінің алдын алу жұмысы жүргізілді. Өткізу бекеттерінен тыс жерлерде шекара режимін бұзған Қырғызстанның 65 азаматы және көші-қон заңнамасын бұзған 14 адам ұсталды.

«Шекарадан өтетін көліктер, жүктер мен тауарларды тексеру барысында анықталған экономикалық контрабанда белгісі бар бірқатар факт тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар ішкі істер органдарымен бірігіп, шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын сақтау мақсатында тексерістер жүргізілуде. Жалпы 8 мыңнан астам шетелдік азамат тексерілді. Оның 2,5 мыңы Қырғызстан азаматы.

Қырғызстан азаматтарының ішінде 386 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 242-сы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. 69 азаматтың елімізде болу мерзімі қысқартылып, 21 азаматқа қатысты әкімшілік қамау жазасы қолданылды.

Сонымен қатар, қырғыз билігінің сайлау күні қылмыс әлеміндегі адамдарды тарта отырып, жаппай тәртіпсіздіктерге дайындық жасалып жатқаны туралы мәлімдемесін ескере отырып, ҰҚК Шекар қызметі Қазақстан аумағына қылмыс элементтерінің кіріп кетуіне жол бермеу бойынша қосымша шаралар қабылдауда», - деп атап өтті ҰҚК.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер