BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

ҰҚК: Гүлшекер, әлде Жәмилә?

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан-Өзбекстан шекарасын жалған құжатпен кесіп өтпек болған келіншек ұсталды.

"Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Сарыағаш» шекара отрядының «Жібек жолы авто» тексеріп-өткізу бекетінде шекарашылар біздің елден Өзбекстанға қарай жаяу кетіп бара жатқан 1975 жылы туған азаматшаны ұстады" - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Ол тексеруге 1973 жылы туған өзге бір азаматшаның төлқұжатын ұсыныпты. Шекарашылардың қырағылығын тексермек болған, қулығы қырық есекке жүк болатын келіншектің ісімен қазір Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы айналысып жатыр.

Ал, осы Өңірлік басқарманың Қордай шекара отрядына қарасты «Қордай авто» тексеріп-өткізу пунктінде шекарашылар біздің елімізден Қырғыз Республикасына қарай кетіп бара жатқан екі қырғыз азаматын ұстады.

"Олардың көліктерінің («Мерседес Бенс 408» және «Мерседес Бенс 208D») салонында рұқсатсыз, қолдан орнатылған 3800 литрлік қосымша бактар (іші бос) барлығы анықталды. Екеуі де Қордай аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды" - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер