ҰҚК Әблязовпен сыбайлас болған төрт күдіктіні ұстады - Қоғам|08 Желтоқсан 2017, 00:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

ҰҚК Әблязовпен сыбайлас болған төрт күдіктіні ұстады

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен сыбайлас болған төрт күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қарашада ҰҚК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының ведомствоаралық жедел тергеу тобы ҚР Қылмыстық Кодексінің 289 (ұрлық) және 193 ( мүлікті заңдастыру) баптарымен қарастырылған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен И.Ерімбетов, В.Соколенко, Д.Пестов және М.Зоров атты азаматтарды ұстады.

«Аталған тұлғалар мен олар басқарған компаниялардың БТА банкінен Мұхтар Әблязов жымқырған 50 миллион долларды заңдастыруға қатысқаны туралы «БТА-Банк» АҚ өкілдерінің ресми өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ, тергеу органдары И.Ерімбетов өз бақылауындағы «SKY SERVISE» ЖШС арқылы бір миллиард теңге болатын бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктенуде», - делінген Ұлттық бюро таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Ерімбетов пен оның сыбайластары Қазақстан сотынан бассауғалап, шетелде жасырынған тұлғалардың қаржылық мүддесі үшін әрекет еткен.

«Олардың біреуі сырттай сотталған Әблязовтың сыбайласы әрі консультанты, қазір Бельгияда тұрып жатқан - Ботагөз Жәрдемәлі. Ол - Ерімбетовтің туған әпкесі. Жәрдемәлінің «БТА банктен» заңсыз түрде 500 миллион долларға жуық қаржыны қайтарымсыз несие ретінде беруге тікелей қатысы бар. 2013 жылы ҚР ҚК 220, 176, 28 баптарымен қарастырылған қылмыстарды жасады деген күдікпен оған халықаралық іздеу жарияланды», - деп жазылған хабарламада.

Ұсталғандар Алматы ІІД тергеу изоляторына қамалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер