BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінде ақша жоқ – ҰЭМ

Фото: Baribar.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің жұмысы туралы айтты.

«Тұрғын үй-коммуналдық тарифтерін реттеу туралы Жолдауда айтылды. Қауіпсіздік кеңесімен отырыс өтті. Осы төңірегінде үлкен, жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Табиғи монополия туралы жаңа заң әзірленуде. Тариф саясаты бойынша Кеңес, табиғи монополиялар қызметін тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдастық құру секілді жаңалықтар енгізіп жатырмыз. Тариф саясаты кеңесі мәслихат депутаттары, партия мен қоғамдық бірлестік өкілдері кіретін үлкен орган. Кеңес монополистер қалай жұмыс істейді, инвестициялық бағдарламалардың тарифтік сметасын қалай белгілейді деген мәселелерге белсенді мониторинг жасайтын болады», - деді министр.

Оның айтуынша, қарапайым ТҮК шаруашылық пен тұтынушылар табиғи монополия сапасыз қызмет көрсеткен жағдайда олармен тікелей жұмыс істей алмайды.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер көп. Олар жеткілікті дәрежеде тиімді тиімді жұмыс істеп отырған жоқ, себебі ақшалары жоқ. Сол себепті біз қаржыландыру мақсатында оларға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс беретін боламыз. Олар табиғи монополия субъектілерімен тең дәрежеде ойын жеткізуі үшін жақсы заңгер, экономист, технологиямен айналысатын мамандарды алуға мүмкіндік береді», - деді Ұлттық экономика министрі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер