USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Тұңғыш Президент күніне орай елордада «Елбасы жолы» тегін көрсетіледі

«25 жұлдызды күн» «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» кең ауқымды акциясы шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай 1 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Елбасы жолы» киноэпопеясы тегін көрсетіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Көрсетілімді Астана қаласының ішкі саясат басқармасы елордалық «Kinopark» және «Арман 3D» кинотеатрлары желісінің қолдауымен ұйымдастырады.

Кинокөрсетілім таңғы сағат 10-да басталып, күні бойы жалғасады. Бұл күні елорда тұрғындары мен қонақтарына «Мега Центр Астана», «Керуен» және «Азия парк» сауда орталықтарында орналасқан Астананың ірі кинотеатрлары қызмет көрсетеді. Көрермендер сеанстың уақытын және көретін залды өздері таңдай алады.

Орыс тіліндегі көрсетілімдер «Мега Центр Астана» сауда орталығында № 3 залда (сеанс сағат 10:00-де басталады) және № 4 залда (сеанс 10:40-та басталады) ұйымдастырылады.

Қазақ тіліндегі көрсетілімдер «Керуен» сауда орталығында, № 1 залда (сеанстың басталуы 11:00-де және 14:10-да).

«Азия парк» сауда орталығында киноэпопеяның екі тілдегі көрсетілімдері ұйымдастырылды: № 2 залда көрермендер орыс тілінде (10:00-де), № 5 залда қазақ тілінде ( 12:00-де) көре алады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады