USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Тұңғыш президент күні 25 ақтөбелік баспаналы болды

Ақтөбе жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Жуырда 25 отбасы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымының Қазақстандық ипотекалық компаниясы арқылы қол жеткізген әдемі әрленген жаңа пәтерлеріне қоныстанатын болады, дейді BAQ.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты шараға жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, жергілікті атқару органдарының үй кезегінде тұрғандарына Батыс-2 шағын ауданында орналасқан пәтерлердің кілтін табыс етті. Бұл өздерінің төлем қабілетін растаған алғашқы жаңа қоныстанушылар.

Оның айтуынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласында кезекте тұрған азаматтарға «ҚИК» АҚ арқылы 31,3 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй немесе коммерциялық сатушылардың 478 пәтері пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Бүгінде Ақтөбе қаласында «ҚИК» АҚ-нен 48,7 мың шаршы метр тұрғын үйді немесе комммерциялық салушылардың 744 пәтерін сатып алу үшін келісімшартқа қол қойылды. Бұдан өзге ағымдағы жылы ипотекалық компания арқылы қол жеткізуге болатын жалдамалы тұрғын үйінің жалпы алаңы 28,0 мың шаршы метр болатын немесе 566 пәтерлі №1 «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабының құрылысы басталды. Аталмыш тұрғын үй 2017 жылы пайдалануға беріледі.

"Осы жылы біз еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Соған орай өңірде «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн бастау алған болатын. Қазірдің өзінде біздің өңір «Нұр Ақтөбе» мен «Батыс-2» тұрғын алаптарын мысалға ала отырып, тұрғын үй құрылысында өздерінің мүмкіндіктері мен әлеуетін сенімді түрде көрсете алады. Біздің бүгін табыс ететін алты қабаттық үйдің пәтер кілттері - осының дәлелі. Бұл – еліміздің азаматтарының тұрғын үйге қатысты жағдайларын жақсартудағы жоспарымызды шынай іске асыру",- деді облыс әкімі.

Жалдамалы пәтерлерге бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, әскери қызметшілер ие болды.

"Адамдардың көптен күткен пәтерлеріне Тұңғыш президент мерекесі күні қол жеткізулерінің де мәні бар. Өйткені, бүгінде еліміздің 9 мың азаматының ҚИК желісі бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне бастама болған да осы мемлекет басшысының өзі болатын. Біз бүгін 25 отбасының баспаналы болып, «Нұрлы жол» жалдамалы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы шарттарын пайдалану мүмкіндігіне ие болғандараы үшін қуаныштымыз",-деді Қазақстандық ипотекалық компания басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

Төрт үйден тұратын кешенде 318 пәтер бар. Аталмыш бағдарламаның кезекте тұрған қатысушыларының тізімін қалалық әкімдіктегі комиссия кезекте тұрғандардың құжаттарын қабылдап болған соң жасап, төлем қабілеттерін растау үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «ҚИК» АҚ-на жіберді.

«Біз елімізідің президентіне қарапайым халықтың тұрғын үйге жалдамалы шарттар бойынша жеңілдікпен қол жеткізуіне мүмкіндік беретін «Нұрлы жол» жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы үшін алғыс айтамыз. Дүние жүзілік экономикалық дағдарыс кезінде мемлекетіміз мүгедектер, жетімдер, жас және көп балалы отбасылар секілді халықтың әлсіз топтарын қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуді жалғастырып келеді!»,-деген жаңа пәтер иелері қуаныштарын жасырмады.

Айта кетейік, кешендегі 1 шаршы метр тұрғын үйдің құны орташа есеппен – айына 923 теңгені құрады. Сонымен қатар бүгін Талдықорғанда 40 отбасы баспаналы болды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады