USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Тозығы жеткен ескі көлікке өтемақы алу үшін қандай құжаттар қажет?

Елімізде 21 қарашадан бастап тозығы жеткен автокөліктерге өтемақы берілетінін хабарлаған едік. Енді көлік иелеріне өтемақы алу үшін қандай құжат қажет? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.

Қазақстанның 17 қаласында ескі автокөліктерді қабылдайтын бекет жұмыс істейді. Бұл бағдарламаны «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» (ӨКМ) ЖШС дайындаған.

Бағдарламаға қатысатын жеке тұлғаларға қажетті құжаттар тізімі:

1) Бағдарламаға қатысу жөнінде өтініш. Онда ТАӘ, СИН, БИК және есепшот нөмірін міндетті түрде көрсету керек;

2) Ескі көлікті жоюға тапсыру үшін ІІМ органынан тіркеуден шығару жөнінде анықтама;

3) Өтініш берушінің сенімxаты (егер көлік иесі болмаған жағдайда);

4) Көлік иесінің немесе сенім білдірген адамның жеке куәлігі;

5) Есепшот жөніндегі анықтама;

6) Тозығы жеткен ескі көлікті жоюға тапсыру жөнінде келісім.

«Ескі көлікті жоюға тапсыратын заңды тұлғалар және оның атынан әрекет ететін сенімді тұлға мемлекеттік тіркеуде тұратындығы жөнінде қосымша анықтама дайындау керек. Жинақталған ескі көліктер автокөліктерді жоятын зауытқа жіберіледі. Болашақ зауыттың құрылысын қолға алатын мердігер компаниялар арасындағы байқау қараша айында жарияланады», -дейді ҚР Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің жетекшісі Гүлшира Атемова.

Айта кетейік, толық жиынтықта 150 мың теңге және автокөлік жүрмейтін болса (көлік шанағы, есігі, қозғалтқыш, беріліс қорабы міндетті болуы керек) 48 мың теңге беріледі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады