USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Тотықұс тілін кәлимәға келтіріп, Аллаға мадақ айтты

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінің инстаграмдағы парақшасына тілін кәлимәға келтіріп, Аллаға мадақ айтқан тотықұстың видеосын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Балғынбек Имашев бұл видеоны жұма күні жүктеген екен. Айтыскер ақын шабыттанып, тіпті тоттықұсқа өлең де арнапты.


Алтынмен торың апталған,
Өзегің толы өкініш.
Жат жерге барып жатқанда,
Сырласым болған тотықұс,
Мұңдасым болған тотықұс...
***
Кейуақта болдың сырласым,
Тотым-ау, менің тотым-ау!
Бейуақта болдың мұңдасым,
Біздің де көңіл жетім-ау... - деген Мырзатай ағамыздың әні естеріңізде ме?
Ендеше сол екпінмен:
Жұманың таңы атқанда,
Мешіттен қалу - өкініш!
Инстаны шұқып жатқанда,
Ұялттың мені, тотықұс,
Ұялттың мені, тотықұс!
***
Алладан басқа тәңір жоқ,
Кәлиманы айтқан, тотым-ау!
Имансыз құлда қадір жоқ,
Сорлылық - намаз оқымау!
***
Сен түгіл "Ғаламтор" деген,
Адам "торда отыр", тотым-ау.
Құранды ашып көрмеген,
Смартфонын сипап отыр-ау!

Видео опубликовано Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады