BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Тоңазытқыштан табылған балаларды өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

Алматыдағы Түрксіб ауданында мәйіті тоңазытқыштан табылған балалардың шешесімен бірге тұрып келген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Балалардың әкесі Өзбекстанның 29 жастағы тұрғыны болып шықты, ол балалардың шешесімен бірге тұрған.

"Қазіргі уақытта қылмыстың мотивін және мән-жайды анықтауға бағытталған процессуалдық және тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл кезеңде ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Соталды өндіріс барысында істі әділ, толық әрі жан-жақты тергеуге мүмкіндік беретін зерттеулер жүргізіліп жатыр, сарапатамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, балалардың анасынан жауап алынып жатыр екен, ол ер адаммен бірге ұсталған. Әйелге із-түссіз жоғалып кеткен адам ретінде іздеу жарияланған еді. Ал полицейлер В. деген азаматшаның үлкен ұлы қайда екенін анықтап, оны тексеру үшін медициналық мекемеге жеткізіпті.

Айта кетейік, мұның алдында тоңазытқышынан екі баланың мәйіті табылған пәтердің көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді. Балалардың денесі сөмкеге салынып, істен шыққан тоңазытқышқа салынған.

Көршілерінің айтуынша, пәтерден бірнеше күн бойы жағымсыз иіс шыққан. Пәтер жалдамалы екен. Баспана иесі, кейбір мәліметтер бойынша, Шымкентте шаруаларымен жүрген. Сосын көршілер жалға беретін жауапты адамды шақыртып, есікті ашқан, сосын жағымсыз иіс шыққан тоңазытқышты ашып қалған. Онда сөмке болған. Көршілер онда мал еті екен деп ойлаған. Алайда онда матаға оралған балалардың мәйіті болып шыққан. Шошып қалған көршілер дереу полиция шақырған. Балалардың жасы әзірше белгісіз екен. Алайда көршілер бұл пәтерде кімнің тұрып келгенін білмейтінін айтып отыр.

Еске салайық, мұның алдында тоңашытқыштан балалардың мәйіті табылғаны хабарланған еді. Өз кезегінде құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәліметті растады. Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер