BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Тоңазытқыштан өлі денелері шыққан екі сәбидің шешесі сотта соңғы сөзін айтты

Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі баланы өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғандарға қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Алла Волченко сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тoday.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрметті сот, мені ата-ана құқығынан айырмауларыңызды өтінемін. Тұңғышым менің жалғызым. Мен екі бірдей ұлымнан айырылып қалдым. Мұндай жағдайды ешкімге тілемеймін. Бұл орны толмас қайғы. Мен өз балаларымды қатты жақсы көремін. Барым да, байлығым да солар. Жұмыстан кейін үйге балаларымды көру үшін асығатынмын. Олардың жүзіндегі күлкіні көргім келетін. Менің бар байлығым-балаларым. Мен үлкен отбасым болғанын армандадым. Өйткені ондай отбасы менде болған жоқ. Балаларым үшін барша қиындықтарға төтеп беруге даяр едім. Менің кесірімнен осындай жағдай болды, өз-өзіме келе алар емеспін. Бір сәтте отбасымнан, екі сәбиімнен айырылып қалдым. Азаматтық некедегі күйеуімнің осылай істейтінін білсем, осыған жол беріп қояды деп ойлайсыздар ма? Менің бар кінәм дер кезінде хабарламағанымда. Бұл әрекетім үшін баршадан кешірім сұраймын. Құрметті сот, қандай шешім қабылдасаңыз да мені ата-ана құқығымнан айыра көрмеңіз. Равиль менің барым. Өмірімнің мәні. Одан жақын менде ешкім қалмады. Мені ұлымнан айыра көрмеңіз. Не болып, не қойғанын түсінгенде, кеш болса да күйеуіме полицияға хабарлау керек екенін айттым», - деді Волченко.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі баланың денесі табылған болатын. Кейіннен балаларды өлтірді деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды. Полиция Алматы қаласында болған сұмдық оқиғаның мән-жайын анықтаған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер