BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Төлеген Байғұлов: Делдалдар күніне 100 мың теңге табады

Фото: Автордікі

Делдалдар мемлекеттік қызметті сапалы алуға кері әсерін тигізуде. Олар күніне 100 мың теңге табады. Сондықтан жылдың аяғына дейін делдалдарды 70-80%-ке азайтуымыз қажет. Бұл туралы «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» қоғамдық ұйымының төрағасы Төлеген Байғұлов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерде делдалдар бар. Бұл арнайы зерттеу барысында анықталған.

«Біздің есебімізге сәйкес, олар бір күнде шамамен 100 мың теңге табады. Облыс орталығында ғана емес, аудан орталығында да ондай делдалдар көп. Пара алушы мен пара берушіге жағдай жасап қойған ғой. Ол жерде жүрген адамдардың бәрі бір «сxемамен» жұмыс істейді. Делдалдар xалыққа қызмет көрсету орталығында отырғандармен бірге жұмыс жасайды немесе сол жердегі полицейлермен бірге әрекет етеді. Енді, оны құқық қорғаушылар анықтауы тиіс», - деді Төлеген Байғұлов журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жемқорлық деректері жиі кездеседі. Ал Астанада бұл көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда 30-40%-ке төмен. Осы орайда Төлеген Байғұлов алдағы уақытта делдалдармен күрес шаралары күшейе түсетінін атап өтті.

«Жылдың аяғына дейін делдалдарды 70-80%-ке азайтуымыз қажет. Қазір біраз құжаттарды үйден шықпай-ақ жасауға болады деп жатырмыз ғой. Дегенмен, соның өзінде делдалдардың саны азаятын емес. Бұның барлығы - жасырын жемқорлық. Оны құрту қажет. Негізі, қазіргі кезде сапалы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Бірақ делдалдардың заңсыз қызметі xалықтың көзқарасына кері әсерін тигізіп отыр. Адамдар қызмет алуға келеді де, делдалдардың заңсыз ақша сұрағанын көргеннен кейін барлығы сондай деп ойлайды», - деп түйіндеді сөзін ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер