BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Тоқмәди iсi: ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевтан жауап алынды Эксклюзив

Фото: Қазақ үні

Таразда Тұран Әлем Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталып отырған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди iсiне қатысты сот процесi өтiп жатыр. Бүгiн түске дейiн Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң экс-басшысы Нартай Дүтбаевтан бейнеконференция арқылы жауап алынды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Астана қаласы Есiл ауданының №2 сотынан байланысқа шыққан куәгер Дүтбаев 2004 жылы Мұхтар Әбләзовпен байланыста болғанын растады.

«2004 жылы бiз, оның iшiнде мен Мұхтар Әбләзовпен байланыста болдым. Әбләзов өз сөзiнде Ержан Тәтiшевпен банк активтерiне байланысты дау-дамай туындағанын айтты. Атап айтсам, ол Тәтiшев өзiне (Әбләзовке - авт.) тиесiлi активтердi заңсыз иеленгенiн жеткiзген. Одан кейiн Әбләзов Тәтiшев жайлы ақпарат алуға көмектесудi өтiндi. Осыған байланысты мен Тәтiшев телефонын бақылауға тапсырма бердiм. Осылайша, Тәтiшев әрекеттерi, оның қызығушылықтары мен жұмысы жайлы ақпарат алып отырдық. Одан кейiн мәлiмет Әбләзовке жiберiлiп отырды. Мысалы, бiз Ержан Тәтiшевтiң балық аулау мен аңшылықпен айналысатынын бiлдiк. Оның Мұратхан Тоқмәдимен бiрге аңға шығып отырғанынан да хабардар болдық. Кейiннен осы мәлiметтi Әбләзовке бердiк», - дедi сотта Нартай Дүтбаев.

Сот отырысында прокурор Есқалиев куәгерден Әбләзовтiң ақпаратты Тәтiшев өлiмiн ұйымдастыру үшiн пайдаланғанын бiле ме деп сұрады.

«Жоқ. Мен бiлген жоқпын. Әбләзов маған бұл ақпарат Тәтiшевпен келiссөздер жүргiзуге керек деп айтқан. Ал бұл ақпаратты Әбләзов Тәтiшевтi өлтiру үшiн пайдаланатынынан бейхабар болдым», - дедi Дүтбаев.

Отырыста судья Тiлепов куәгерден Тәтiшев өлiмiнен кейiн оның Әбләзовпен байланыста болған-болмағанын сұрады.

«Есiме түспей тұр. Араласуымыз да мүмкiн», - деп жауап бердi ҰҚК экс-басшысы.

Атап өтсек, бұған дейiн сот процесi барысында ҰҚК Ақпарат жинау орталығының экс-басшысы Олег Репников 2004 жылы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн басқарған Нартай Дүтбаевтың тапырмасымен Ержан Тәтiшев пен оның отбасына бақылау орнатылғанын айтқан едi. Нақтыласақ, Тәтiшев пен бiрнеше адамның телефоны тыңдалған.

Еске салсақ, 2018 жылы Ақмола гарнизонының әскери соты ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевты «қаржы жымқыру және жылыстату» айыбы бойынша 12 жылға соттады. Дүтбаев осыған дейін 2017 жылы «мемлекеттік құпияны жариялау» ісі бойынша жеті жылға сотталған болатын. Әскери соттың мәлiметiнше, Дүтбаевқа қарсы шығарылған екі жаза жартылай біріктіріліп, соңғы шешім ретінде 12 жыл кесілген. Сот Дүтбаевты «өкілетін теріс мақсатта пайдаланды» деп айыптап, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыруға және «заңсыз жолмен табылған» мүлігін тәркілеуге үкім етті.

Ал, Мұратхан Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарында (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, бопсалаумен не бандитизммен адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.

Атап өтсек, бүгiн түстен кейiн Тоқмәди iсi бойынша сот жарыссөзi өтпек. Сот процесi Жамбыл облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта өтiп жатыр. Процеске судья Азамат Тілепов төрағалық етуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер