BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Теміржолда жөндеу жұмыстары басталды

Фото: Мой город

Алғашқы техникалық «толаскез» 11 наурызда Түркістан-Шойтөбе теміржол телімі бойында өткізілді. Шара нәтижесінде 1,2 шақырым жолға рельс торкөздері төселді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Белгіленген кестеге орай, наурызда 53,9 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланса, екінші тоқсанда 444 шақырым, үшінші тоқсанда - 342,8 шақырым, төртінші тоқсанда - 27,49 шақырым жолға күрделі жөндеу өткізу көзделуде.

Оның сыртында, қаңтарда жолды орташа күшейтілген жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 43 шақырымға жасалуға тиісті жөндеудің 16,7 шақырымына яғни 38 пайызына жөндеу жасалды. Қазірдің өзінде Жетібай-Өзен қума жолында, Түркістан, Арыс, Қазығұрт станцияларында жөндеу жасалды.

2018 жылы теміржол бойындағы магистральдық желіде орташа жөндеуден жүз шақырымын өткізу жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер