BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Теміртаулықтар сапасы нашар жолдар туралы бейнебаян түсірді

Фото: avto-sos.com

Қала тұрғыны Теміртау қаласындағы көшелердің бірінде көліктердің «мәнерлеп сырғанауы» туралы бейнебаян түсірді. Автор бейнебаян арқылы апаттық жағдайдағы жолды жабатын кез келгені, бірақ көлік жүргізушілері үшін бұл жолдардың маңызы зор екенін жеткізгісі келген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қаламыздағы көшелердің бірі. Бұл көшеден өтіп бара жатып, арнайы тоқтап, видеоға түсірмей кетуге болмады», - деп жазады Дмитрий Желесников Instagram парақшасына.

Теміртаудағы негізгі даңғыл жолға өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, беткі төсемі жарылып кеткен, сондықтан қайта жөндеуді қажет етеді. ТТК телеарнасы хабарлағандай, өткен жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген жол сапасын қалалық комиссия тексерген. Металлургтер даңғылындағы жол жағдайы көңіл алаңдатарлық. «Қарағанды Жол Құрылыс» фирмасының жұмысшылары қала әкімінен сөгіс естіді.

«Біз мұндай қарқынмен жүре берсек, келесі жылдың көктем айларында осы жол бойында келеңсіз жағдайлар болады. Бізге бұл керек емес», - дейді қала әкімі Ғалым Әшімов.

Өткен жылы Теміртауда жол жылы болып жарияланған. Автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 млрд теңге жұмсалған. Қала әкімі жол жөндеу жұмыстарын өзі бақылап, аптасына екі рет мердігерлермен кездескен. Соған қарамастан кейбір жолдар қыс бітпей жатып бүліне бастады.

Сондай-ақ, Теміртауда бірқатар жол жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қала тұрғындары сын көтермейтін автожолдарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желі парақшаларына салады.

Одна из улиц нашего города. Проезжая по этой улице не мог не остановиться и не снять)))

Публикация от Дмитрий Желещиков (@dmitriy_zheleschikov)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер