BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Telegram интерфейсі қазақшаланды

Ресейлік ЖОО түлегі 24 жастағы қазақстандық Тимур Бехер өз серіктерімен бірге аталған мобильді қосымшаның интерфейсін қазақтілді қолданушыларға ыңғайлап жасап шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұған дейін мобильді қосымша интерфейсінің 13 тілді нұсқасы бар болатын. Олардың қатарында тек екеуі ғана посткеңестік елдерге тиесілі, яғни орыс және украин тілдері. Ал, қазақтілді ортаның Телеграмды еш кедергісіз қолдануы үшін интерфейсті қазақшалау керек еді. Мұндай қадамға әлемнің өзге елдері де барғанын айта кету керек, олар танымал мессенджердің тілін өздеріне ыңғайлап алған.

«Қазақстандықтар үшін өте қолайлы мобильді қосымшаның қазақтілді интерфейсінің болмауы мен үшін түсініксіз жайт. Елімізде қазақ тілін дамытуға көптеген жұмыс атқарылып жатыр, сондықтан біз Телеграмды қазақшалауды жөн деп таптық», - дейді Тимур Бехер.

Телеграм қолданушылары өз мессенджеріне қазақша интерфейс орнату үшін файлды @QazTransBot ботынан жүктеп алып, нұсқаулық бойынша орнатып алуы тиіс. Қазақтілді нұсқа iOS және Android платформаларында қолжетімді.

Жоба авторының айтуынша, қазақша Телеграмда қателіктер болуы мүмкін. Сондықтан, қолданушылар тарапынан ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда скрин-көшірмені @qz_gram дайректіне жолдай алады.

Жалпы, Телеграм мессенджері Қазақстанда ең көп жүктелген мобильді қосымшалардың бірі. Әр күн сайын аталған мессенджер қолданушыларының саны жарты миллион адамға артып отырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер