BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Технопарктің аумағында киностудия пайда болуы мүмкін

Фото: xakac.info

Қазіргі таңда аталмыш мәселе талқыланып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада киностудияны ашу жөніндегі жобаны іске асыру Global Silk Road Жібек жолы елдері қалалары басшыларының форумы аясында «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту» серіктестігі мен режиссер әрі актер Нияз Әбдіғаппаров төрағалық ететін «V.S.E.E. (Enterprise)» ЖШС арасында бекітілген ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды.

«Нияз «Астана киностудия» жобасын ұсынды. Біз ӘКК-ның арқасында ғимаратты таптық. Бұл – Целинсельмаш зауыты ғимаратындағы технопарк. Ғимарат іші жаман емес. Ол 7000 шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда ауданы 3000 шаршы метрді құрайтын жатақхана да қарастырылған», - деп мәлімдеді Astana Invest-тің «Новая экономика» жобалық кеңсесі креативті секторының жетекшісі Жұлдыз Сейсенбекова.

Оның айтуына қарағанда, киностудияның даму әлеуеті жоғары. Ол Ресейге қызықты да тиімді ұсыныстарды келтіре алады. Түсірілімдер Астана аумағында жүргізіледі.

«Кино өндіріс, арнайы киножабдықтардың көмегімен жарнамалық роликтерді жасау, тарихи және фестивальдік фильмдерді түсіру, мемлекеттік тапсырыс. Осының барлығын жеке киностудияда жасауға болады», - деді ол.

Сондай-ақ, Ж. Сейсенбекова қазіргі таңда аталмыш мәселе талқыланып жатқанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, Global Silk Road Жібек жолы елдері қалалары басшыларының форумы барысында Астана әкімдігі жалпы құны 73 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар меморандумға қол қойған болатын. Олар жоғары технологиялық ет өңдеуші кешен мен кондитерлік фабриканы, ДНК диагностикасы зертханасын, басқа да бірқатар жобаны іске қосуға мүмкіндік береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер