BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Тәуелсіздік күні Будапештте тойланды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Венгрия астанасы Будапештте арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды.

Венгриядағы Қазақстан елшілігі Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізді.

Мерекелік іс-шараға Венгрияның мемлекеттік жиналысының депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, мәдениет және ғылым қайраткерлері, БАҚ, іскер топтар, дипломатиялық корпус өкілдері, қазақ диаспорасы мен студент жастар қатысты.

Венгриядағы Қазақстан елшісі Нұрбах Рүстемов Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жоғары халықаралық беделге ие болып, Орталық Азия өңірінде және әлемде өзінің геосаяси ролін нығайта түскенін атап өтті.

Сонымен қатар елші Елбасының мажар тіліне аударылған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Жолдауын аудитория назарына ұсынды.

Сондай-ақ мерекелік шарада Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері арнайы концерт ұйымдастырды.

Олар қазақтың ұлы композиторлары Құрманғазы мен Дәулеткерейдің және Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін, халық әндерін орындады.

«Алатау» фольклорлық ансамблі қазақ фольклоры мен композитор Иоганнес Брамстың классикалық шығармаларын орындады.

Домбыра, қобыз, дауылпаз, шертер, саз-сырнай және қонырау-асатаяқ сияқты ұлттық аспаптар мажар қауымын тәнті етті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер