BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Таразда жауынгерлік патрондар сатпақ болған әскери  қызметші ұсталды

11 қазанда шамамен сағат 14:00-де Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан кафелердің бірінде Калашников автоматының 130 патронын сату барысында ҚР Қорғаныс министрлігі №85395 әскери бөлімінің аға лейтенант лауазымындағы 28 жасар взвод командирін ұстады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастыратын ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін одан әрі жүргізу мақсатында ұсталған азамат ҚР ІІМ «Оңтүстік» өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараз бөлімінің қызметкерлеріне берілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер