BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Танымал әншінің тәртіпсіздігі үшін әуежай қызметкерлері айыппұл төлейді

Фото: obyektiv.press

13 қыркүйектен 14 қыркүйекке қараған түні «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейсімен Алматы-Гонгконг бағыты бойынша ұшпақ болған Төрағали Төреәлінің ұшақ салонына заңсыз кіргені туралы «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ әкімшілігі пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Болған жағдай бізді алаңдатты және шын мәнінде қалай болғанын толық анықтауға құлықтымыз. Өткен аптаның соңында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның қорытындысы ашық түрде жарияланды. Тексеру жұмыстары нәтижесінде Авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысшылары да, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметінің VIP агенттері де ер адамды ұшаққа билетсіз кіргізу туралы өтініш айтпағаны анықталды. Оған VIP-терминала ішіне орнатылған бейнебақылау камерасындағы бейнежазба дәлел бола алады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жолаушыларды жекелей тексеру, олардың жүктерін тексеру авиациялық қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілгені анықталды. Алайда, тексеру бөлімінің жұмысшылары ішке өткізу ережелерін бұзған: жолаушыдан ұшаққа отыруға рұқсат ететін талон мен басқа да құжаттарын тексерместен, ұшақ ішіне жіберген.

Осы жағдай бойынша Халықаралық Алматы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөліміндегі инспекторлары Ринат Рахымгереев, Абылай Қырғызбаев пен Шолпан Закирова әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер