BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Таңбалы» мұражай мекенінде туристік зонасы ашылды

Бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан «Таңбалы» тарихи және археологиялық мұражай мекенінде туристерді қабылдайтын зонасы іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осы турістік зона Қазақстан Республикасандағы (ҚР) Бiріккен Ұлттары Ұйымы Даму бағдарламасының биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау жөніндегі жобасының қолдауымен ашылып отыр. Енді Танбалы петроглифтерін тамашалап көру үшін келетін туристтер мұражайда дем алатын мүмкіндігі болады. «Таңбалы» тарихи және археологилық мұражайы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген.

Ашылу салтанатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура мырза, Ыстамбұлда орналасқан Еуропа және ТМД үшін аймақтык хабтың мемлекеттік бағадарламаларды қолдайтын маманы Озлем Атлуг ханым, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы бюросының басшысы және өкілі Криста Пиккат ханым сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және жануарлар дүниесi комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдінов қатысты.

Бұл туристтерге арналған зона Ғаламдық Экологиялық Қоры/Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы/Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитеті мемлекеттік мекемесінің «Қорғалатын аймақтардың іші мен айналасында биоәртүрлілікпен үйлесімді тіршілікті қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйелердегі қорғалатын аймақтардың тұрақтылығын арттыру» жобасы шеңберінде құрылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер