BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Тағайындаған қызметкері сыбайлас жемқорлық жасаса министрлер мен әкімдер отставкаға кетуі мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов ҚР Парламенті Сенатында өткен үкімет сағатында сыбайлас жемқорлық қылмысына барған қызметшілер үшін басшысын да жауапкершілікке тарту туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша бағынышты қызметкері сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталған жағдайда тікелей басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту мәселесі туралы норманың жоқтығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралардың тиімді орындалуын тежеп отыр.

«Биыл 9 мамырда агенттіктің төрағасы Мемлекет басшысымен кездескенде ел Президенті бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. Қазіргі заңнама бойынша бұзушылық жасаған тұлға ғана жауапқа тартылдаы. Соған сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жиі жасайтын мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту құқықтық негізде қарастырылмаған», - деді Бектенов.

Ол халықаралық тәжірибені негізге ала отырып бірқатар елдерде қарамағындағы қызметкері сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталса басшыларын дербес жауапкершілікке тарту практикасы барын атап өтті. Мысалы, АҚШ полицейлері жемқорлық жасаса полиция басшылығын да жауапқа тарту қарастырылған. Сыбайлас жемқорлық фактісімен айыпталған қызметкер үшін басшылықтың да, оның қарамағындағылардың да жұмысы тексеріледі. Сингапурда қолданылатын шаралар бұдан да қатаң. Кеден органы қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығымен ұсталса өзі ғана емес, ұжымы түгелімен жұмыстан қуылады.

Ол халықаралық тәжірибені есепке ала отырып елімізде сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталған мемлекеттік қызметшілер үшін басшыларын да жауапкершілікке тарту мәселесі қалай жүргізілетінін атап өтті.

«Мұнда екі аспект бар. Біріншіден, мемлекеттік орган басшылары, әкімдер қарамағындағы саяси қызметкерді өзі тағайындаған жағдайда ол қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысына барса, отставкаға кетуі тиіс. Екіншіден, өз қарамағына жатпайтын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған қызметкер үшін департамент директорлары, басқарма басшылары секілді әкімшілік қызметшілері тәртіптік жауапкершіліке тартылады», - деп түсіндірді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер