BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Сүлейменов: Қазақстанда тыйым салынған ядролық жарылыстар ұрпағымыздың генінде жарылуда

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ақын Олжас Сүлейменов Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында айтты.

Айта кетейік, аталған қор «Аутизм. Баршаға ортақ әлем» бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның аясында 447 млн теңгеден астам қаржы бөлінгені.

«Аутизм деген не? Көбі біле бермейді. Түбірі аут деген сөздің мағынасын футболдың арқасында барлығы біледі. Ол ойыннан тыс дегенді білдіреді. Аутист балалар туылған сәттен бастап өмір деген жасыл алаңда емес, оның шетінде тұрады. Мысалы, бүгін Астанада 60 сәби дүниеге келсе, оның біреуі міндетті түрде аутизмге шалдыққан бала болады. Егер 600 бала дүниеге келсе 10, ал 6000 сәби дүниеге келсе 100 аутизмге шалдыққан болып туылады. Қазақстанда күнде осындай трегедия көптеп өмірге келіп жатады. Бұл бала емес, ата-ананың басына түскен нәубет», - деген қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ата-аналардың күн сайын балаларының болашақта бақытты болмайтынына сенбей, күресіп өмір сүретінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол аутизмге шалдыққан балалардың дертін жеңу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды.

«Бүгінде еліміздің аутизмге шалдыққан балалармен жұмыс істейтін 6 орталық құрылды. Осы орталықтар өзінің жұмысының нәтижесін көрсетуде. Мысалы, бір ана хабарласып аутизмге шалдыққан 5-6 жастағы баласының өз бетімен дәрет сындырғаны үшін алғысын білдірді. Бұл өмір драматизмінің қаншалықты екенінің көрсеткіші. Бұл ешкімді бей-жай қалдыра алмайды. Бүгінде осы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Күллі әлемді осы мәселе толғандырып отыр. Кезінде Қазақстанда 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізілді, бүгінде ол біздің өмірімізде өзінің ізін қалдырып отыр. Елімізде тыйым салынған ядролық жарылыстар ұрпағымыздың генінде жарылуда. Ал, АҚШ-тың Невадасын жарты ғасыр бойы ядролық сынақтар жүргізілді. Енді ол жерде әр 40 бала аутизмге шалдығып туылады», - деді О.Сүлейменов.

Сонымен қатар, ақын бұл дертпен күресте ата-аналарға көмектесу үшін аталған аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталықтардың жұмысын кеңінен насихаттау керектігін атап өтті.

Бүгінде Қазақстан бойынша «Асыл мирас» аутизм орталығының алты қалада желісі құрылған. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Орал және Ақтөбе қалаларында. Мұнда балаларға қызмет тегін көрсетіледі. 2015 жылдан бері орталыққа 5000 бала келген. Ал, 2018 жылы күні бүгінге дейін 2471 бала диагностикаға жазылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер