BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Суға кеткен баланы құтқарып қалған 17 жастағы қыз марапатталды

Төтенше жағдайлар бойынша комитет төрағасы Владимир Беккер Астанада баланы судан құтқарып алған бейбіт күннің батырларын алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2 шілде күні кешқұрым оқыс оқиғаға куә болған азаматтар суға кете жаздаған баланы өлімнен құтқарып алған болатын. Владимир Беккер оқыс оқиға кезінде ерлік танытқандарға, сонымен бірге Ангелина мен Тимурдың ата-аналарына алғысын айтты.

«Дәл сол күні сағат шамамен 21:00 кезінде 17 жастағы екінші курстың студенті Ангелина Дәрменбаева сіңілімен бірге Ақбұлақ ауданының маңындағы жағалауда «Қазақстан» спорт кешеніне жақын жердегі балалар алаңында қыдырып жүрген. Оның жанында самокат тепкен жас балалар бар еді. Сол сәттердің бірінде ата-анасының назарынан тыс қалған 6 жасар ұл бала өзен мен жағаның арасындағы қоршаудан қарғып өтіп, суға түсіп кеткен», - делінген хабарламада.

Жүзуді білмейтін жас бала суға тұншыға бастайды. Көмек сұрап айқайлаған баланы байқаған Ангелина суға қарай жүгірген.

«Жылдам суға түскен Ангелина баланы шап беріп ұстап алып, суға кету қаупінен аман алып қалады. Осыдан кейін көмекке келген басқа да жас жігіттер 6 жасар баланы судан алып шыққан. Оның ерлікке пара-пар әрекеті мен жылдам қимылының арқасында жас бала аман қалды», - делінген комитеттің хабарламасында.

Ангелинамен бірге баланы судан алып шыққан жігіт 19 жастағы студент Тимур Насибуллин болып шықты. Ол өтіп бара жатып, баланы құтқаруға әрекеттеніп жатқан Ангелинаны көріп, суға түсіп баланы жағаға алып шыққан. Олармен бірге Арман Смағұлов атты тағы бір жігіт баланы жағаға жеткізуге көмектескен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер