BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Студенттер саны қай қалада көп екені белгілі болды

Фото: iStory.kz

Ағымдағы 2017/18 оқу жылында ЖОО студенттерінің саны 496,2 мың адамды құрады. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішке қарағанда 4% артық, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дәстүрлі түрде студенттердің жартысынан көбі Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында білім алады. Алматыда 131,3 мың студент білім алып жатса, ОҚО-дағы студенттер саны 79,4 мың адамға жеткен. Ал Астанадағы ЖОО-ларда оқып жатқандар саны 52,4 мың адамды құрайды.

2017 жылы жоғары білім беру саласында көрсетілген қызметтер көлемі 276,3 млрд теңгені құрап, алдыңғы 2016 жылғы көрсеткіштен 6,4% артқан. Сонымен қатар, халық қаражаты есебінен ЖОО-лар көрсеткен қызмет көлемі бір жылда - 11%, ал бюджет есебінен - 3% өскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер