BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Степногор қаласына жаңа әкім тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

Еркебұлан Баяхметов Степногор қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл жайлы Facebook желісінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Игали жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин Еркебұлан Баяхметовты активке Степногор қаласының әкімі ретінде таныстырды», - деп жазды Марат Игали.

Еске сала кетсек, қаланың бұрынғы әкімі Әнуар Күмпекеев 2018 жылғы тамызда Павлодар қаласының басшысы болып тағайындалған болатын.

Атап өтсек, Степоногор қаласының негізі 1959 жылы қаланған. Елді мекен Кеңес үкіметі кезінде құпия қала болып есептеліп, белгілі бір уақыт бойы карталарда бейнеленбеген. Құжаттарда қала Целиноград-25 немесе Макинск-2 деп аталған. Бұның барлығы осы өлкеде уран кенін қайта өңдеумен айналысқан КСРО қорғаныс кешені объектісі - Целинный тау-химия комбинатының орналасуымен байланысты болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер