BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

"Союз" зымыраны ұшу кезінде апатты жағдай орын алды

Байқоңырдан ұшқан "Союз МС-10" зымыран-тасығышының екінші сатысының қозғалтқышы істен шыққан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.ru порталына сілтеме жасап.

Бұл жайында "Роскосмос" сайтында тікелей телетрансляция жүргізіп отырған жүргізуші мәлім еткен.

"Союза" бортында МКС-57/58 миссиясының мүшелері ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин және америкалық астронавт Ник Хейг болған.

Бұл жағдаймен таныс маманның дерегінше, экипаж 6g жүктемесін сезінген (ұшу кезінде ғарышкерлер 1-7g жүктемесін сезінеді.

Трансляция «Союз» ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң үзіліп қалған. Ұшудың алғашқы минуттары әдеттегідей өткен.

Мамандардың айтуынша, экипаж тірі, ол Қазақстан жеріне қонуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер